<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><title>Арнадым әнімді</title>
<lyrics>[V1]
.   Bb                   Eb
 Жүр еді қасарысып жүрегім,
. F                                      Bb
 Алыс кетіп мен Сенен, мейірімді жүзіңнен!
. Bb                          Eb
 Сонда Сен құшағыңды ашып кең,
. F                              Bb
 Шақырдың Өзің мені зор мейіріміңмен!
.        Bb
 // Алдыңа келемін Ием,
.        Eb
 Кешірім сенен өтінем.
.        Cm
 Жан сырымды ақтарам Саған,
.        Bb
 Тек қана Саған. //

[V2]
 Қалауым қарсы болып еркіңе,
 Адасты алыста берік болмай сертіне.
 Келемін қалжыраған күйімде,
 Сенемін Тәңірім қабылдайсың үйіңе.
 // Қабылдап Әке Өзіңе,
 Қуантты мені мәңгіге.
 Мадақтап Ұлы Есіміңді мен,
 Арнадым әнімді. //

[V3]
 Сенімің әлсіресе сенің де,
 Қысылма қайтадан Иемізге келуге.
 Себебі сені Ол шын сүйеді,
 Тәңірім, кешіріп рақымына бөлейді
 // Есімі мәңгі киелі,
 Мадақта Тәңір Иені.
 Сарқылмайды мәңгілікке,
 Оның мейірімі. //</lyrics>
<author>Нуржан Толеген</author>
<key>Bb</key>
<aka>Жүреді, қасарысып жүрегі</aka>
</song>